Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жаңалықтар

  • "Атамекен" өлкетану-туристік жорығы оқушылары Сарайшықта

  • Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

    Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

  • "Сарайшық" музей-қорығы халықаралық байланыстарын кеңейтуде

  • Музей-қорық  веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

    Музей-қорық веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

  • Қолөнер шебері - Қалығыз апа

    Қолөнер шебері - Қалығыз апа

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" музейінің онлайн экскурсиясы

«Сарайшық» музей-қорығының археологтары сауда керуен жолдарының зерттеулерін жалғастыруда. Ортағасырлық Сарайшық қаласынан батысқа 20 шақырым жерде орналасқан, жаңадан анықталған Құлпытас мекені үстіне археологиялық шурфтар салынды. Сонымен қатар, қызықты жәдігерлерден Өзбек ханның пұлы мен сармат жебесі табылды.

Қасым ханға арналған конференция өтеді

Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК және Атырау облысы Махамбет ауданының әкімдігі ұйымдастыруымен 2021 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, қазақтың біртуар ұлы, Қазақ хандығының атақты билеушісі Қасым хан Жәнібекұлының Сарайшықта жерленгеніне 500 жыл толуына орай «Қасым хан және Сарайшық: Қазақ мемлекеттілігі тарихында» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Елбасы жолдауы

1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын жариялады.

Ғалымның жаңа мақаласы жарияланды

“Сарайшық” музей-қорығының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к., Н.Атығаевтың Қазақ хандығы мен Моғұлстанның ХҮ-ХҮІ ғасырдың басындағы қарым-қатынастарға арналған мақаласы “Отан тарихы” ғылыми журналының N 2(94) -2021 санында жарық көрді.

Онлайн форматта өткен кездесу

31 тамызда ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р.Райымқұлова министрлікке бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларымен онлайн форматта кездесті. Кездесу барысында министр жаңа оқу жылына байланысты тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Өзбекәлі Жәнібеков - ұлт мәдениетінің жанашыры

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен «Өзбекәлі Жәнібеков - ұлт мәдениетінің жанашыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияға қатысқан «Сарайшық» музей-қорығының бас инспекторы А.Тұрарұлы «Қазақстанның батыс өңірі керуен-сарайлары: экспедициялар нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, бұл конференцияның материалдар жинағына «Сарайшық» музей-қорығы атынан Ұ.Ахметова, А.Тұрарұлы, А.Жұмабаев, Ж.Диярова, Н.Нұғманова өз баяндамаларын ұсынды.

Веб сайтты жандандыру семинары

“Сарайшық” музей-қорығы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастырған “Музей сайтын дайындау және оны жүргізу” атты республикалық онлайн семинарға қатысты. "Сарайшық" музей-қорығы мекеменің веб-сайтын жетілдіруді басты назарда ұстап отыр.
Биыл мекеме сайты / http://saraishyq.kz/kk/ /әлемдік музейлердің үлгісінде модернизацияланып, көрермендерге сапалы, ыңғайлы, қолжетімді бағытта ұсынылған болатын. Бүгінгі семинардан алған тың ойларды жұмыс барысында тиімді пайдалану жоспарлануда.

Сарайшық музей-қорығында музей экспозициялары мен көрме ісіне қатысты семинар өтті

2021 жылдың 25 тамызда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Музей экспозициялары мен көрмелерді жобалау» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru