«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы археологтары өзінің шетелдік әріптестерімен халықаралық байланыстарын кеңейте отырып, үнемі тәжірибе алмасуды жетілдіріп келеді.
Осы мақсатта музей-қорық археологы, Қалмақ мемлекеттік университетінің аспиранты Амангелді Жұмабаев 17-22 маусым аралығында белгілі астрахандық археолог, Сарайшықтанушы В.В. Плаховпен және Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры, археолог П.М. Кольцовпен кездесті. Кездесу барысында соңғы жылдардағы ортағасырлық Сарайшық орнындағы қазбалар, оның мәселелері, музей-қорықтың ғылыми зерттеу жұмыстары барысы, түрлі гранттық қаржыландыруға қатысу барысындағы бірлескен жұмыстар, Алтын Орданың керуен жолдары және керуен сарайлар тақырбына қатысты өзара пікірлер алмасты. Белгілі екі археологта болашақтағы Сарайшық музей-қорығынан дайындалатын ғылыми жобаларға қатысуға келісті.