Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі

"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы бас инспекторы - Айбек Тұрарұлы 

 1973 жылы 15 мамырда Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында туған. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1992 жылы ауыл шаруашылық Тәжірибе станциясында егінші болып бастаған. 1996-2003 жылдары Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясында жұмысшы, 2004-2006 жылдар аралығында осы экспедицияда лаборант болып жұмыс жасады. 2007-2008 жылдары «Бек Секюрити» ЖШС күзетші қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары «Атырау облыстық тарих және археология орталығы» КМҚК-да кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер боп жұмыс жасады. 2010-2011 жылдары «Атырау облыстық тарих және археология орталығы» КМҚК-да кәсіпорын басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2011-2013 жылдары «Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК-ның археология ғылыми-зерттеу бөлімде аға ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары «Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2016-2017 жылдары «Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның музей қор сақтаушысы қызметін атқарды. 2017-2018 жылдары қайтадан «Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2018 жылдың қарашасынан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-да жұмыс атқарады. 2021 жылы 22 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Президентінің жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

   Бөлімнің міндеті – тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-зерттеу мен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, насихаттау және өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және сақтау жөніндегі заңдардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Соның ішінде:

  • Тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мақсатында ғылыми экспедицияларға шығады;

  • Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу мақсатында олардың құжаттарын жасақтайды (есеп карточкасы, схемасы, паспорты) және тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алуға ұсынады;

  • Тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама жүргізеді;

  • Зерттелінген аймақтар бойынша архивтік және библиографиялық материалдар жинақтау мақсатында археографиялық экспедициялар жүргізеді;

  • Анықталған объектілердің географиялық координаталарын белгілеу, фотофиксациясын, топографиялық жобаларын жасайды;

  • Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат-ландшафт аймақтарын белгілейді;

  • Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және реставрациялық жұмыстарды жүргізеді;

  • Жер игеруші компаниялардың аумақтарында этноархеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді;

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru