Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Әкімшілік-шаруашылық бөлімі

"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қойма меңгерушісі - Умбетова Алмагул Сағынбайқызы 

Алмагул Сағынбайқызы1972 жылы 5 шілдеде Гурьев облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында дүниеге келген. 1979 - 1989 жылдары Гурьев облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебін бітірген. 1989 жылы Гурьев қаласындағы №5 техникумға оқуға қабылданып, 1990 жылы аталған оқу орнынының «сатушы» мамандығын тәмамдады. Сол жылы Гурьев облысы Махамбет ауданындағы «Ырыс» СКДӨ  Аспаздық цехына сатушы қызметіне жұмысқа қабылданған. 1995 жылы Атырау облысы Махамбет ауданындағы ЖК «Кадиров Е.Е» мекемесінде оператор қызметін атқарды. 1997 жылы болса Атырау қаласы «Тасжол» ЖШС мекемесінде кассир қызметінде жұмыс жасады. 2019 жылдың наурыз айынан ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК мекемесіне музей қараушысы қызметіне орналасты. 2022 жылдың шілдесінен бастап «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының шаруашылық меңгерушісі болып тағайындалды.

Бөлімнің қызметі – музей-қорықтың және оған қарасты нысандардың тазалығын қамтамасыз ету, кеңсе орын-жайында жұмыс жасауға жағдайлар жасау, ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, жылу маусымына ғимараттарды дайындау, дабыл қаққыш жабдықтары мен бақылау құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету, шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтармен, құрал-сайманмен, құрылыс материалдарымен және басқа да өнімдермен қамтамасыз ету, өртке қарсы қауіпсіздік шараларын қолға алу, т.б.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru