Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Елбасы жолдауы

1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын жариялады. Жолдауда бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта отырып, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аударылды. Сондай-ақ, Президент ұрпақ тәрбиесіндегі білім сапасы мен ғылымды дамытуға ерекше назар аударғанын атап өту керек. Үкіметке әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін және «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуге тапсырма берді.
"Білімсіздік, популизм қазақтың басты жауы" деді Президент. Соңында Ахмет Байтұрсыновтың: білімді болу үшін, білім керек, ақылды болу үшін, оқу керек, күшті болу үшін, ауызбіршілік керек деген дана сөзін мысалға келтірді.
Президент Жолдауы болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырады.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru