Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Атырау облысы іссапары кезеңінде ортағасырлық Сарайшық қаласына арнайы келіп, ата тарихымызға тағзым жасады.
Музей-қорықты аралау барысында Дариға Нұрсұлтанқызы ортағасырлық қала макетіне ерекше назар аударды және болашақта туризмді дамыту үшін ортағасырлық қаланың бейнесін қалпына келтіру маңыздылығын атап өтті.