Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жаңалықтар

  • "Атамекен" өлкетану-туристік жорығы оқушылары Сарайшықта

  • Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

    Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

  • "Сарайшық" музей-қорығы халықаралық байланыстарын кеңейтуде

  • Музей-қорық  веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

    Музей-қорық веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

  • Қолөнер шебері - Қалығыз апа

    Қолөнер шебері - Қалығыз апа

Тарихқа құштар жандар Сарайшыққа келді

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Бақсай​ ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен​ Таңдай ауылының бір топ мүмкіндігі шектеулі және тарихқа құштар тұрғындары қонаққа келді. Қонақтар әр жәдігермен қызыға танысып,​ көне қала туралы мағлұматтар алды. Таңдайлықтар атынан Ғұднан Нұрғалиев сөз алып, музей ұжымына ризашылығын білдірді.

«Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Атырау-Сарайшық» экспедициясы

2021 жылғы 26 шілдеде "Атырау" телеарнасының жаңалықтарынан "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Атырау-Сарайшық» экспедициясы туралы бейнематериал жарияланды.

Өлкенің жастары Сарайшық туралы семинарда бас қосты

2021 жылы 28 шілдеде сағат 11:00-де (Атырау уақытымен) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК ұйымдастыруымен өлкенің белсенді жастарына «Ортағасырлық Сарайшық қаласының: өткені мен бүгіні» атты облыстық жастар семинары өтеді. Семинарға онлайн форматта, ZOOM платформасы арқылы қатысуға болады.

Музей-қорық маманы біліктілігін арттырды

2021 жылғы 21-23 шілде аралығында "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкері Қайреденова Айгүл Жоламанқызы "Болашақ" халықаралық академиясы өткізген біліктілікті көтеру семинарына қатысып, сертификатқа ие болды.

Экспедиция Маңғыстау жерінде жұмыс жасады

2021 жылы 23-24 шілдеде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК-ң «Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Атырау-Сарайшық» экспедициясы өз ғылыми зерттеулерін Маңғыстау облысы территориясында ХХ ғасырдың 30-40 жылдары жұмыс жасаған ГУЛАГ жүйесіндегі Бұрыншық лагері орындарында жалғастырды.

Сарайшықтың абыз ақсақалы

Музей-қорықтың алғашқы басшысы болған Атыраудың абыз ақсақалы Бердімұратов Молдаш Сәрсенғалиұлын бүгін ақтық сапарға шығарып салдық. Музей саласына зор үлес қосқан, шешендік тілімен талайды баурап алған қадірлі ақсақал республика көлеміне танымал, Сарайшықтың даңқын аспандатуға зор еңбек сіңірген, орны бөлек жан болатын. Алдың пейіш, артың кеніш болсын Аға! Алла Тағала жаныңа жаннаты жазсын. Ағаның ұрпақтарына, ағайын-туысқа сабыр тілейміз.
«Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы.

Экспедиция мүшелері Прорба лагерінде

2021 жылғы 22 шілдеде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК ұйымдастырған «Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Атырау-Сарайшық» экспедициясы мүшелері Жылыой ауданындағы бұрынғы Прорва лагері орнында жұмыс жасады. Экспедиция құрамында тарихшы, топограф, географ, заңгер, IT мамандары бар. Экспедиция жетекшісі - тарих ғылымдарының докторы, профессор Ұлжан Төлегенқызы Ахметова.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru