Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жаңалықтар

  • "Атамекен" өлкетану-туристік жорығы оқушылары Сарайшықта

  • Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

    Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

  • "Сарайшық" музей-қорығы халықаралық байланыстарын кеңейтуде

  • Музей-қорық  веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

    Музей-қорық веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

  • Қолөнер шебері - Қалығыз апа

    Қолөнер шебері - Қалығыз апа

Сарайшықта археологиялық конференция өтеді

   2021 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «2021 жылғы Атырау облысындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясын өткізеді.

Сарайшықта арнайы кеңес болып өтті

2021 жылғы 23 қарашада ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Мəдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев, "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры Махаббат Бигельдиев және кәсіпорынның жетекші инженері Айдос Жігітов, бас архитекторы Салима Джолдасова Сарайшық музей қорығына келіп, ортағасырлық Сарайшық қаласының келелі мәселелерімен танысты.

Жерлес ғалым тарихшы 70-те

24 қарашада "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы Айбек Тұрарұлы тарихшы ғалым, профессор, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлының 70 жылдық мерейтойына арналған "Қазіргі тарих ғылымы: өлкетану, аймақтық және локальді тарих мәселелері" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, мерейгерді музей-қорық ұжымы атынан құттықтады.

Сарайшыққа байланысты жаңа мақала жарияланды

2021 жылы 12 қарашада "Жайық шұғыласы" газетінің №45 (6514) санында "Сарайшық" музей-қорығының директоры т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтардың "Сарайшықтың Ұлық Ұлыс тарихындағы маңызы" атты мақаласы жарыққа шықты. Танысыңыздар. Ой бөлісіңіздер!.

Нұр-Сұлтан қаласындағы сәтті ғылыми кездесу

Нұр-Сұлтан қаласына іссапарымды пайдаланып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық биотехнология орталығында адамның популяциялық генетикасы зертханасының жетекшісі, биология ғылымдарының кандидаты, PhD Мақсат Жабағинмен кездестім.

Белгілі ғалыммен кездесу

«Сарайшық» музей-қорығының директоры, профессор Әбілсейіт Мұқтар белгілі ғалым, археолог, профессор Зайнолла Самашевпен кездесті. Зайнолла Самашев ортағасырлық Сарайшық қаласын зерттеуге ғана емес, оның кеңірек насихатталуы үшін, алтынордалық кезең қаласын сақтаудың өзекті мәселелеріне ерекше назар аударып жүрген тұлға.

«Сарайшық» музей-қорығы республикалық онлайн-форумға қатысты

2021 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жылдарындағы музейлердің жағдайы» тақырыбында республикалық онлайн-форум өткізілді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru