Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Қасым ханға арналған конференция өтеді

Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК және Атырау облысы Махамбет ауданының әкімдігі ұйымдастыруымен 2021 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, қазақтың біртуар ұлы, Қазақ хандығының атақты билеушісі Қасым хан Жәнібекұлының Сарайшықта жерленгеніне 500 жыл толуына орай «Қасым хан және Сарайшық: Қазақ мемлекеттілігі тарихында» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
✒️Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:
 
🔎Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы мәселелері;
🔎Қасым хан Жәнібекұлы және Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалар;
🔎Сарайшық - Қазақ хандығының астанасы және Ел билеушілері пантеоны;
🔎Қазақ хандығы дәуіріндегі археологиялық ізденістер.
 
✒️Конференция жұмысына баяндамалар/мақалалар жіберу үшін 2021 жылдың 01 қазанына дейін мына e-mail-ға жіберу қажет: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
✒️Сұрақтарыңыз болған жағдайда 8 702 307 99 53 (Жанар Диярова) телефонына хабарласуға болады.
 
Ақпараттық хат мына сілтемеде: https://www.facebook.com/1646633785349553/posts/4644006075612294/ 
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru