Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Есеп бөлімі

"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы бас есепшісі – Қайреденова Айгүл Жоламанқызы

1970 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық елді мекенінде туылған. 1977-1987 жылдар аралығында Сарайшық орта мектебінде білім алған. 1987 жылы Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтының, экономика факультетіне оқуға қабылданған. Институтты 1992 жылы аяқтап, 2001 жылға дейін, Сарайшық ауылындағы Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде экономика және маркетинг пәнінен дәріс берген.  2001-2002 жылдары Сарайшық ауылындағы мүгедектер үйінде экономист болып жұмыс жасаған. 2002 жылдан бастап «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығында есепші болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас есепшісі болып қызмет жасайды. 

Бөлім жұмысы мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын, түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз етеді. Мекеменің қаржылық жоспарын, сондай-ақ шаруашылық операцияларын жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжат айналым тәртібін, т.б. қамтамасыз етеді. 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru