Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Атамекен» экспедициясы Сарайшықтан бастау алды

13 қыркүйекте «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Атырау облысы бойынша сапарға шыққан «Атамекен» экспедициясының мүшелері келді. Экспедиция құрамында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Жолдасбек Көшербайұлы, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Бақытгүл Бабаш, ақын Әлия Дәулетбаева, Атырау облысының Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының директоры М.Кипиев және «Атырау» телеарнасы мен "Атырау" газетінің өкілдері болды. Экспедицияның мақсаты – Атырау облысындағы көне тарихи жерлерді жұртшылыққа насихаттау болып табылады.Экспедицияға қатысушылар Сарайшықтағы сапарын ең алдымен ел билеушілеріне арналған ескерткіш-кесенеде ата-бабалар рухына тағзым етуден бастады, кейін ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихымен, қазба орындарымен таныстырылды. Музей-қорық директоры Ә.Мұқтар тілшілердің қойған сауалдарына жауап беріп, мекеменің атқарып жатқан жұмыстары мен алға қойылған перспективалары туралы айтып берді.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru