Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта археологиялық конференция өтеді

   2021 жылы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «2021 жылғы Атырау облысындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясын өткізеді.

Конференцияға т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар, т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті профессоры М. Елеуов, т.ғ.д., Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті профессоры М. Қожа, т.ғ.к., Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры А. Оңғар, Сарайшық музей қорығындағы «Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» ғылыми жобасының жетекшісі, т.ғ.д., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті профессоры, Ұ.Ахметова, т.ғ.д., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті профессоры С. Сапанов, т.ғ.к., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті М. Касенов, «Сарайшық» музей-қорығы археологы А. Тұрарұлы, «Сарайшық» музей-қорығы ғылыми қызметкері А. Жұмабаев, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының археологы М. Әбдіғалиев, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық ғылыми-зерттеу секторының меңгерушісі А. Қалшабаевтар қатысады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru