Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта арнайы кеңес болып өтті

2021 жылғы 23 қарашада ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі Мəдениет комитетінің төрағасы Ақан Абдуалиев, "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры Махаббат Бигельдиев және кәсіпорынның жетекші инженері Айдос Жігітов, бас архитекторы Салима Джолдасова Сарайшық музей қорығына келіп, ортағасырлық Сарайшық қаласының келелі мәселелерімен танысты.

Жайық жағалауындағы археологиялық қазба орындарын аралап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар пысықталды. Кейін өткізілген арнайы кеңеске Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев, Атырау облысы Тарихи мұраны зерттеу орталығы директоры Мұқанбетқали Кипиев, ғалым-археолог Марат Қасенов және музей қорық ғалымдары, археологтары, мамандары қатысты. Кеңес соңында нақты алдағы мақсат пен міндеттер анықталды және оларды шешудің жолдары көрсетілді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru