Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Белгілі ғалыммен кездесу

«Сарайшық» музей-қорығының директоры, профессор Әбілсейіт Мұқтар белгілі ғалым, археолог, профессор Зайнолла Самашевпен кездесті. Зайнолла Самашев ортағасырлық Сарайшық қаласын зерттеуге ғана емес, оның кеңірек насихатталуы үшін, алтынордалық кезең қаласын сақтаудың өзекті мәселелеріне ерекше назар аударып жүрген тұлға. Оның 1989-2021 жылдар аралығында Сарайшықтағы ғылыми зерттеулері мен қаланың өзекті мәселелеріне арнаған ондаған мақалалары мен 3 кітабы баспадан шыққан. Бүгінде Сарайшық қаласының табиғи әсерден сақталу шаралары, ондағы зерттеулердің жалғасуы және археологиялық нысандардың қайта жаңғыртыла басталуы және ел назарының ортағасырлық қалаға деген қызығушылығының артуы ғалым еңбегінің жемісі. Кездесу барысында Сарайшықтың қорғау аймағы мәселелері, ескерткіш аумағында орналасқан Ескі Сарайшық ауылын жаңа орынға көшіру, киелі орынның туристік болашағы туралы пікір алмасты. Ғалым Зайнолла Самашев Сарайшықтың зерттеулері кешенді түрде бірнеше ғылым салаларымен сабақтаса жүруі тиіс деген ұстанымда.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru