Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Жаңалықтар

  • "Атамекен" өлкетану-туристік жорығы оқушылары Сарайшықта

  • Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

    Дариға Назарбаева Сарайшыққа келді

  • "Сарайшық" музей-қорығы халықаралық байланыстарын кеңейтуде

  • Музей-қорық  веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

    Музей-қорық веб-сайтын модернизациялау жұмыстары

  • Қолөнер шебері - Қалығыз апа

    Қолөнер шебері - Қалығыз апа

Атырау облыстық музейінде Бопай ханымға арналған конференция өтті

“Сарайшық” музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар 2021 жыл 13 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы Жарлығымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеудің жалпыұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен өткен "Бопай ханым: өнеге толы өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі" атты конференцияға қатысты. Конференция жұмысында "Бопай ананың қоғамдық саяси қызметі" тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Сарайшық тарихи маңызғы ие қала

10 желтоқсанда "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Х. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе «Алтын Орда – Сарайшық: ата тарихымыздың даңқты беттері» атты дөңгелек үстел өткізді.

"Сенім шыңы" қоғамдық ұйымы Сарайшықта

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Қараңғылықтағы серуен» жобасы аясында зағип жандардың «Сенім шыңы» қоғамдық ұйымының бір топ мүшелерін қабылдап, Сарайшық тарихымен таныстырды. Қоғамдық қор төрағасы Умбетияров Марат Қуанышұлының ұйымдастырумен қонақтар жәдігерлермен жақын танысып, емін-еркін түрде пікір алмасты. Өз тарапынан қонақтар да музей-қорық ұжымына ризашылық білдірді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru