Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Құрметті Махамбет Жолдасқалиұлы!

Ұлық Ұлыс-Алтын Орданың ірге бекіткеніне 750 жылдығына байланысты Атырау облысында 2021 жылғы 27-29 қазанда өткен халықаралық деңгейдегі шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әлем назарын аударды.Қасиетті Атырау топырағы орта ғасырдағы алып империя – Ұлық Ұлыс-Алтын Орданың заңды мұрагерлерінің бірі болғанын әлемге айқын сезіндірді. Алып империяның астаналарының бірі Сарайшық – Азиядан Еуропаға және одан кері бағытқа толассыз ағылып жатқан сауда керуендерінің, ұлыс экономикасының тірегі. Ата тарихымыздың осындай түйткілді мәселелері Атыраудағы «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында, оның аясындағы далалық семинар мен ғылыми-техникалық кеңесте нақты көрініс тапты. Конференция қонақтары Сарайшықтағы жаңа археологиялық қазбалар, жаңадан табылған сол дәуір мекенін көзбен көріп, жоғары баға берді. Сарайшықта ұйымдастырылған этноауыл, әлем тарихында орындары айшықты – Бату, Берке, Мөңке, Өзбек, Жәнібек, Барақ, Қасым хандар шатыры, Ұлы хан тағы, Мөңке ханның көпшілікке тілегі, театрландырылған көріністер лайықты Ұлық Ұлыстық заманды елестетті. Бір сөзбен айтқанда, елімізде дәл осындай Алтын Ордаға арналған шара бүгінге дейін болған емес. Біздің ойымызша, ұлт тарихын жаңғырту, еуроцентристік тарихнамамен әдейі ұмыттырылған мемлекет тарихын қайтару Атырау конференциясынан басталды деуге толық негіз бар. Сіздің тапсырмаңызбен тиісті құрылымдар зор ұйымдастыру жұмыстарын сәтті жүзеге асырды. Алысты бажайлаған көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың ризашылығына ие болды. Осылайша, Ұлық Ұлыс – Алтын Орданың тірегі болған бірегей тарихи мұрамыз Сарайшықтың жаңа өмірі басталды. Сол себепті, қадірлі Махамбет Жолдасқалиұлы, ұлт тарихына тың көзқараспен қарауға серпін бергеніңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
 
   Құрметпен,
   «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұжымы
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru