Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығы республикалық онлайн-форумға қатысты

2021 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жылдарындағы музейлердің жағдайы» тақырыбында республикалық онлайн-форум өткізілді.

Форумға еліміздің музей саласы мамандары, ғалымдар қатысты. Өткізілген шарада «Сарайшық» музей-қорығындағы ғылыми зерттеу жұмыстары және олардың нәтижелері» тақырыбында баяндама жасаған музей-қорық директоры, профессор Ә. Мұқтар Қазақстан музейлеріндегі ғылыми қызметкерлер сапасына, олардың білімін жетілдіруге, музейлерде арнайы ғылыми зерттеулерді талқылайтын Ғылыми Кеңес құру мәселесіне, «Мәдени мұра» журналын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитетінің тізіміне енгізу, өзара ғылыми еңбектермен алмасу мәселелеріне назар аударды.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru