Ortaǵasyrlyq Saraıshyq – QazaQ Eliniń astanasy
«Saraıshyq» memlekettik tarıhı – mádenı mýzeı – qoryģy»

Атырау облысындағы алтынорда кезеңінің ескерткіштерін атағанда, жұрттың аузына алдымен Сарайшық, Ақтөбе қалалары, Таскешу керуен-сарайы түсетіні анық. Бірақ облысымызда одан да басқа алтынордалық ескерткіштер баршылық. Сондай ескерткіштердің бірі Индер ауданы аумағында орналасқан Тасоба мекені деп аталады.

Экспедиция Нарын құмын Айбас елді мекені үстімен өтіп, жергілікті азамат Сабиров Таңатардың үйіне табан тіреді. Сабиров Таңатар бастап апарған Айбас елді мекенінен батыста орналасқан Құсқонбас (Қаратөбе) деп аталған төбе зерттелді.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының ғылыми-зерттеу экспедициясы Сарайшық - Сарай-Бату қалалары арасындағы керуен жолдарын зерттеу мақсатындағы жұмыстардың жалғасы ретінде, 7-8 тамыз аралығында Нарын құмының бір бөлігі Айбас елді мекеніне археологиялық барлау экспедициясын ұйымдастырды. Айбас өңірі солтүстік-батысында Батыс Қазақстан облысының аумағымен шектеседі. Айбас - Беріш-Жайық Сатыбалдының үлкен баласы болған делінеді. Экспедиция маршруты: Атырау-Сарайшық -Тұшықұдық- Айбас елді мекені - Тұшықұдық – Сарайшық – Атырау бағыты бойынша жүрді. Экспедиция құрамына тарихшы-археологтар, жергілікті өлкетанушы Шеген Неталиев енгізілді.

«Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының» ғылыми-зерттеу экспедициясы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Сарайшық - Сарай-Бату қалалары арасындағы керуен жолдарын зерттеу мақсатында, 4-5 шілде аралығында Нарын құмы аумағына археологиялық барлау экспедициясын ұйымдастырды.

2019 жылдың 29 наурызында музей-қорық мамандары Ф.Байдаулетов және А.Зайнов Махамбет ауданының Жайық өзенінің оң және сол жақ жағалауына археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Экспедицияның мақсаты ауданға қарасты ортағасырлық тарихи орындар мен ерте темір дәуіріндегі сармат обаларын анықтау және зерттеу.

2019 жыл 21 шілдеде «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қызметкерлері және астрахандық археолог Плахов Вячеслав Васильевич, топограф Бирюков Павел Витальевичпен бірлесе, Махамбет ауданы аумағында ерте орыс деректерінде белгіленген тарихи нысандардың орнын анықтау мақсатында, археологиялық барлау экспедициясына шықты. Таңдай және Аққайың елді мекендері маңы мен Қарабай көлінің орны зерттеуден өтті. Көне карталарды заманауи спутниктік түсірілімдермен салыстырып, жер бедерінің өзгерісін бағдарлап, көне қоныстар орындары тексерістен өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Атырау облысы әкімдігі қолдауымен 2019 жылы 1-4 қазанда Алтын Орданың 750 жылдығына орай Жошы Ұлысы-Алтын Орда астаналары «Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай-Берке қалалары ізімен» атты халықаралық ғылыми-зерттеу, туристік экспедициясын ұйымдастырды.

Jūmys kestesі

Düisenbі/Jeksenbі: 09:00-18:30

Tüskі üzіlіs uaqyty: 12:30-14:00

Kerі bailanys

Tel/faks: 8-712 362 55 06

E-maıl: museumsaraıshık@maıl.ru

Sayahat kartasy