ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасы аясында «Сарайшық» музей-қорығының архелогиялық экспедициясы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тасқұдық, Қырыққұдық, Білеулі, Шеңгелді құдықтарына сапарлады. Бұл құдықтар қазіргі Мақат ауданының шөлейт жерлерінде көш, керуен жолдарында қазылып, тұрақты сумен қамтуда маңызы зор бекеттер болған. Кейбір құдықтар қазіргі кезде де жаңарғыртылып, мал шаруашылығы саласында елеулі қызмет көрсетіп отыр.
![]() |
![]() |