Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшық-Үргеніш көне керуен жолдар ізімен экспедициясы

2022 жылғы 1 маусымда "Сарайшық" музей-қорығы Махамбет ауданы әкімдігімен бірлесе Сарайшық - Үргеніш аралығындағы көне керуен жолы бойымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында археологиялық экспедицияға шықты. Экспедицияның құрамында: т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен т.ғ.д., профессор У.Ахметова, т.ғ.к., археолог М. Касенов, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, доктор PhD, географ Э. Имашев, «Сарайшық» музей-қорығының археологтары А.Тұрарұлы, Ж.Байғалиев, А.Жұмабаев, Н.Жексенбаев бар. 2022 жылғы 2 маусымда экспедиция мүшелері Бейнеу аудандық музейінде болып арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге экспедиция мүшелері, музей қызметкерлері және жергілікті өлкетанушылар қатысты. Сонымен қатар, Құсшы, Белдеулі, Қосқұдық, Таскешу керуен-сарайы, Ұшқан қаласы, Бақашы тарихи ескерткішінде және Шеңгелді құдығы орнында зерттеу жүргізді. Одан өзге "Асау-Барақ ата" мешітінде болды. 

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru