2025 жылдың 29 қаңтарында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ортағасырлық Сарайшық қаласынан шамамен 15-20 шақырым қашықтықта орналасқан Күліш керуен-сарайы аумағында барлау экспедициясын жалғастырды. Барлау экспедициясы Күліш керуен-сарайынан 50-60 шақырымға дейін созылды.