ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасы аясында “Сарайшық” музей-қорығының ғылыми қызметкерлері көне керуен жолы бойындағы нысандарды анықтау мақсатында экспедицияға шықты. Экспедиция барысында керуендер жолындағы ескі құдықтар орны зерттеуге алынып, жергілікті тұрғындардан ақпараттар жиналды.