Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Алтынордалық қалаларға экспедиция басталды

“Сарайшық” музей-қорығы ғалымдарының Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023–2025 жж. арналған гранттық қаржыландыруы бойынша № AP19678171 «Астаналық Сарайшық қаласы Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХVІ ғғ.)» жобасы аясында алтынордалық қалаларға экспедициясы басталды. Экспедиция Сарайшық, Алтынжар, Лапас, Селитренный, Гүлстан, Бельджамен, Үкек, Мохша, Азов, Маджар және Қажы Тархан аралығын қамтиды. Экспедиция бірінші күні өз бастамасын Алтынжардағы Құрманғазы бабамызға тағзым жасаудан бастап, әріқарай аттанды. Экспедиция құрамына астрахандық археолог Вячеслав Плахов қатысуда. Жоба жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru