Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

2023 жылғы барлау экспедициясы басталды

2023 жылғы 20 қаңтарда "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Ж. Байғалиев және археолог Н. Жексенбаев Есбол ауылында мектептің тарих пәні мұғалімі Ж. Таңатовпен кездесіп, оның ауыл маңынан тапқан жәдігерлерімен танысты. Өзі тапқан жәдігерлерден мектеп музейін жасақтаған Ж. Таңатов ауыл маңындағы жәдігерлер табылатын жерлерді көрсетіп, музей-қорық қызметкерлері ол орындардың координаттарын белгілеп алды. Жайық өзенінен ағып шыққан өзектер бойындағы тұрақтардың орны аудан аумағында соңғы 1-2 жылда көп анықталуда. Ол жерлерде байырғы көшпелі мал өсіруші тұрғындар бірнеше жыл ғана тұрақтап басқа орынға көшетіндіктен мәдени қабат аз жинақталады. Әйтсе де оларды зерттеу әлі де қолға алынбаған тың тақырып. Жұмыс барысында өзара пікір алмасып, алдағы уақытта бірлесе жобаға қатысу келісілді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru