Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Атырау-Сарайшық» экспедициясы

Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК ғалымдары Махамбет ауданы әкімдігімен бірлесе «Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Атырау-Сарайшық» ғылыми-зерттеу экспедициясымен сапарға шықты.

Экспедиция мақсаты: ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері (1932-1950 жж.): тарих, естелік, тағылым» ғылыми жобасын жүзеге асыру барысында ГУЛАГ лагерлер жүйесіндегі Прорва, Бұрыншық лагерлерінің 3D моделін, аэро -фото, -видео түсірілімдерін жасау және лагерлер орнына тарихи-археологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, материалдар жинақтау. Экспедиция нәтижесінде болашақта облыста, республикада, шетелде арнайы көрмелер ұйымдастырылмақ. Экспедицияға қажетті архивтік құжаттар Ресей Федерациясының Мәскеу, Астрахань қалаларының архивтерінен алынды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru