Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықтың абыз ақсақалы

Музей-қорықтың алғашқы басшысы болған Атыраудың абыз ақсақалы Бердімұратов Молдаш Сәрсенғалиұлын бүгін ақтық сапарға шығарып салдық. Музей саласына зор үлес қосқан, шешендік тілімен талайды баурап алған қадірлі ақсақал республика көлеміне танымал, Сарайшықтың даңқын аспандатуға зор еңбек сіңірген, орны бөлек жан болатын. Алдың пейіш, артың кеніш болсын Аға! Алла Тағала жаныңа жаннаты жазсын. Ағаның ұрпақтарына, ағайын-туысқа сабыр тілейміз.
«Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы.
Бердімұратов Молдаш Сәрсенғалиұлы - 1936 жылы 2 сәуірде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға селосында дүниеге келді. 1953жылы Сарайшық орта мектебін бітірді. 1954-1955 жылдары Бақсай балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс атқарды. 1955-1957 жылдары әскери борышын өтеп, 1958-1962 жылдары Гурьев педагогикалық институтында, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша мамандығында оқыды. 1962-1970 жылдары Ембі ауданындағы Боранқұл мектебінде мектеп директоры, 1970 жылы Сарайшық орта мектебінде мектеп директоры қызметтерін атқарды. 03.09.1999 жылдан бастап «Хан Ордалы Сарайшық» музей қорығының басшысы болып жұмыс атқарды. «Лениннің 100 жылдығы», «Ел ардақтысы», «Егеменді Қазақстанның 20 жылдығы», «Халық ағарту ісінің үздігі» медалдарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың құрметті қызметкері», «Махамбет ауданының құрметті азаматы» атағы берілген.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru