Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығы атыраулық сенаторларға алғысын білдіреді

Бүгінде ортағасырлық Сарайшық республикалық ескерткішін сақтау, қорғау, насихаттау, туризм аймағына айналдыру және оны ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мәселелері күн тәртібінен түспей келеді. Ұзақ жылдар бойы ескерткіш аумағы Жайықтың тасқын суымен шайылып келсе, 2018 жылы Атырау облысы әкімдігінің қаржыландыруымен өзен жағалауы бекітілді, осы жылы облыстық деңгейдегі музей-қорық республикалық кәсіпорынға айналды. Осылайша Ұлық Ұлыс, Ноғай ордасы, Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшық Ұлық Ұлыстың іргелі шараларын ұйымдастыратын орталыққа айнала бастады. Оған 2019 жылғы қазан айында өткен Ресейдің Астрахан, Волгоград облыстарын қамтыған «Жошы Ұлысы – Алтын Орда астаналары: Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай-Берке қалалары ізімен» халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы, Атырау қаласында өткен Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Жошы Ұлысы және Сарайшық: Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» халықаралық конференциясы, 2020 жылғы ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Алтын Орданың 750 жылдығы, Қасым ханның туғанына 575 жыл, Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» дөңгелек үстелі дәлел бола алады. Осы маңызды шараларға атыраулық сенатор Ғұмар Исламұлы Дүйсембаев сүбелі үлесін қосты. Ол Сарайшықты үнемі бақылауында ұстап, оның қазіргі таңдағы күрделі мәселелерін парламент қабырғасында көтерді, атыраулық сенатор Сағындық Лұқпановпен бірге ҚР Үкіметіне сауал жолдады. Депутаттық сауалда 2018 жылдан бері айтылып келе жатқан «Сапар орталығы» мәселесінің маңыздылығын көтере отыра, ескерткіш аумағында орналасқан Ескі Сарайшық ауылы мәселелерін де ұмытпады. Сарайшық мәселесі бойынша Ғұмар Исламұлы бірнеше рет ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесіп, қолдауына ие болды. Жақында ғана сенаторлардың тікелей атсалысуымен Сарайшықта тұрғызыла басталған «Сапар орталығын» қаржыландырылу мәселесі толық шешілді. Жоспар бойынша келесі жылдың соңына қарай «Сапар орталығы» пайдаланылуға берілмек. «Сапар орталығы» ортағасырлық Сарайшықтың жаңа тынысын ашады, аймаққа келетін туристер үшін қолайлы жағдай жасайды, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады деген сенімдеміз.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru