Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Археологиялық барлау экспедициясы

2024 жылдың қыркүйек айында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (XIII-XV ғғ.)» бағдарламасының күнтізбелік жоспарына сай археологиялық барлау экспедициясы барысында Ресей Федерациясы Астрахань облысы, Харабали ауданы аумағындағы Алтын Орда хандары мәңгілік мекен тапқан Лапас және Алтын Орда астанасы Сарай Бату қаласы орындарында болды. Археолог В. Плахов және археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Евгений Михайлович Пигарёв соңғы жылдары жүргізілген қазба жұмыстарымен таныстырды. Жергілікті археологтар мен сұхбаттасып, Сарайшықтағы және Сарай Батудағы археологиялық нысандар ерекшеліктері мен өзара байланысы талқыланды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97