«Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК
Ғылыми кеңес
1. Жалпы Ереже:
1.1 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Ғылыми кеңесі (бұдан әрі кеңес) Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын ғылыми тұрғыдан зерттелуін ұйымдастыру және туристік орталыққа айналу бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін құрылады. Кеңестің қызметі Қазақстан Республикасының Заңнамасына, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Жарғысына, сондай-ақ осы Ережеге сай жүзеге асырылады.
2. Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты:
2.1 Ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын ғылыми тұрғыдан зерттелуін ұйымдастыру және туристік орталыққа айналу бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
3. Ғылыми кеңестің міндеттері:
3.1 Музей-қорық қызметінің мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру және танымдық-туристік қызметі үрдісіндегі негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;
3.2 Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
3.3 Музей-қорықтың материалдық-техникалық базасын нығайту;
3.4 Музей-қорықтың әрі дамуына ықпал ету.
4. Ғылыми кеңестің құрамы, құрылымы, қызметі және сайлану тәртібі:
4.1 Ғылыми кеңес музей-қорық басшысының бұйрығымен құрылады.
4.2 Ғылыми кеңестің құрамына музей-қорықтың басшысы, басшы орынбасары, құрылымдық бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындары ғалымдары кіре алады.
4.3 Ғылыми кеңестің құрамы 3 жылға сайланады және мүшелерінің саны тақ болады. Қажет жағдайда жалпы жиналыстың шешімі бойынша ғылыми кеңес құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
4.4 Мәжіліске қатысушы Ғылыми кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, Ғылыми кеңес шешімі қабылданды деп есептеледі.
4.5 Ғылыми кеңес мәжілісінің шешімдері қатысушы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады.
4.6 Жекелеген мәселелер бойынша кеңес жасырын дауыс беру арқылы шешім қабылдай алады.
4.7 Ғылыми кеңес музей-қорықта номенклатураға сәйкес іс жүргізеді.
4.8 Ғылыми кеңес мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Ғылыми кеңестің шешімдері бөлек рәсімделеді. Ғылыми кеңестің хаттамалары мен шешімдеріне төраға мен ғылыми хатшы қол қояды. Ғылыми кеңестің хаттамалары мен шешімдері тұрақты сақталатын құжаттар болып табылады және ғалым хатшылар ауысқанда актімен тапсырылады.
4.9 Ғылыми кеңестің төрағасы (бұдан әрі – төраға) музей-қорықтың басшысы болып табылады.
5. Төраға:
5.1 Ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңдары және осы ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді, кеңес шешімінің орындалуын жүйелі түрде тексеруді ұйымдастырады.
5.2 Төраға өзіне орынбасар тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда оның міндетін орынбасары атқарады.
5.3 Ғылыми кеңестің қалған мүшелері музей-қорықтың бөлімшелері қатарынан жасырын дауыспен сайланады.
5.4 Хатшыны Ғылыми кеңес сайлайды және ол Ғылыми кеңестің ісін жүргізуге жауап береді.
6. Ғалым хатшы:
6.1 Тиісті құрылымдық бөлімдер мен лауазымды тұлғалармен бірлесіп жұмыс жоспарын дайындайды, мәжіліс өткізу үшін ұйымдастыру, дайындық жұмыстарын жүргізеді және Ғылыми кеңес шешімінің орындалуын жүзеге асырады.
6.2 Ғылыми кеңес жұмысының барлық бағыты бойынша қажетті ақпарат сұратады және музей-қорық қызметкерлеріне тапсырма береді.
6.3 Ғылыми кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуын қадағалайды және бұл туралы төраға мен кеңес мүшелеріне жүйелі түрде хабарлап отырады.
6.4 Ғылыми кеңес жұмысын жыл бойына бекіткен жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырады.
6.5 Ғылыми кеңес мәжілісі музей-қорықтың бекітілген жоспарына сәйкес үш айда бір рет, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұйымдастырады.
6.6 Ғылыми кеңес өз қызметінің түрлі бағыттары бойынша тұрақты жұмыс жасайтын және тағы да басқа комиссияларды құрады.
6.7 Ғылыми кеңес мүшелерінің 2/3 мәжіліске қатысса, ол заңды болып табылады. Ғылыми кеңес мүшесі кеңеске себепті жағдайлармен қатыса алмайтындығын төрағаға хабарлайды.
7. Ғылыми кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
Ғылыми кеңес қызметінің негізгі жұмыс бағыты музей-қорықтың аса маңызды және жалпы мәселелері болып табылады:
7.1 Музей-қорықтың жарғысын талдау;
7.2 Музей-қорық құжаттарын бекіту;
7.3 Төмендегі мәселелерді қарау:
7.3.1 Материалдық-техникалық, кадрлық және музей-қорықты ұйымдастыру- әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
7.3.2 Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлауды қамтамасыз ету;
7.3.3 Жарғылық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы және материалдық қаражат табу;
7.3.4 Музей-қорықтың құрылымдық бөлімдерінің жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептерін қарау және бекіту;
7.3.5 Музей-қорықтың жылдық және перспективті даму жоспарларын қарау және қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындыларын тыңдау;
7.3.6 Музей-қорықтың жарғысында қаралған басқа да мәселелерді қарау.
8. Ғылыми кеңестің құзіреті:
8.1 Музей-қорық құрылымын бекіту;
8.1 Музей-қорық жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
8.2 Музей-қорықтың даму тұжырымдамасын анықтау;
8.3 Музей-қорықтың мәдени-көпшілік, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау;
8.4 Директор, директор орынбасары, құрылымдық бөлім жетекшілерінің мәдени-көпшілік, ғылыми-зерттеу, шаруашылық және халықаралық қызметтің түрлері мен әдістері туралы жылдық есептерін тыңдау;
8.5 Музей-қорыққа қатысты монография, түрлі брошюра т.б. баспаға ұсынуды қарау және ұсыну;
8.6 Музей -қорықтың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
8.7 Түрлі марапаттарға ұсыну;
8.8 Музей-қорықтың алқалық шешімді қажет ететін ағымдағы басқа да қызметіне қатысты мәселелерді қарау.
Ғылыми Кеңес құрамы
1. Әбілсейіт Мұқтар - т.ғ.д., профессор, музей-қорық директоры
2. Айбек Тұрарұлы –директор орынбасары
3. Жанар Диярова – магистр, ғалым хатшы
4. Айгүл Қайреденова – бас есепші
5. Орындық Сағынбаева - бас қор сақтаушы
6. Амангелді Жұмабаев – магистр, ғылыми қызметкер
7. Лесқали Бердіғожин - т.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры
8. Ұлжан Ахметова - т.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры
9. Аққали Ахмет - т.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік профессоры, «Мәңгілік Ел» Ғылыми зерттеу орталығының директоры
10. Жеңісбек Мұстафин - т.ғ.к., профессор
11. Қылышбай Сүндетұлы - т.ғ.к., Атырау облысы Білім саласына қатысты бірлескен кәсіподақтар төрағасы
12. Мұхамбетқали Кипиев – Атырау облысы Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының директоры
13. Төлеген Жаңабай - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы
14. Өтепберген Әлімгереев - өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР ЖҒА-ның академигі
15. Нұрғали Латифұлы Аруев – Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
16. Жексенбай Дүйсенбайұлы Пазылов – Сарайшық ауылдық округі әкімі
17. Болат Мұхамбетов - а.ш.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, Биология, геоэкология және құрғақ жемшөп өндірудің ғылыми-өндірістік орталығының жетекшісі