«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар
Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар 1981-1986 жылдары Гурьев педагогика институты тарих-филология факультетін «тарих, қоғам тану, қосымша советтік право» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1986-1987 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
Ғылыми жолын 1988 жылы Гурьев педагогикалық институтының «КСРО және жалпы тарих» кафедрасына оқытушылық қызметке шақырылғаннан бастады. Ол 1990 жылғы желтоқсанда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті аспирантурасының күндізгі бөліміне қабылданып, 1993 жылы 14 сәуірде «Жайық-Жем мұнайлы ауданының дамуы (1920-1940 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, аспирантураны мерзімінен бұрын аяқтады. Одан әрі, Атырау педагогика институтында «Қазақстан тарихы» кафедрасында аға оқытушы бола жүріп, тарихшы мамандарды тәрбиелеу ісіне үлес қосты.
Ол Атырау қалалық мәслихатының депутаты болды (1994 ж.).
Ә.Қ.Мұқтар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих факультеті деканының орынбасары (1995-2000 жж.), «З.Алдамжардың ғылыми-ағарту және мәдени орталығының» директоры (1995-1998 жж.), университеттің аға ғылыми қызметкері (2000-2001 жж.), Қостанай әлеуметтік академиясы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы (2001-2003 жж.) қызметтерін атқарады.
Ә.Қ.Мұқтар 2002 жылы өндірістен қол үзбестен Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Диссертациялық кеңесінде «Қазақстанның батыс өңіріндегі қоғамдық-саяси өмір (XVIII ғ. ІІ жартысы – ХІХ ғ. бірінші ширегі)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды.
Ә.Қ.Мұқтар 2003 жылы қыркүйекте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде экономика факультетінің деканы, 2004 жылы әлеуметтік-экономикалық мәселелер және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, 2005-2008 жылдың тамыз айына дейін ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болды.
2008 жылы шілде айында Ә.Қ.Мұқтар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметіне шақырылады. Осында жүріп 2008 жылы ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бұйрығымен 07.00.02 – Отан тарихы мамандығы бойынша БД 14.61.26 Диссертациялық кеңестің төрағасы, ал 2010 жылғы 7 шілдеден бастап кеңес төрағасының орынбасары міндетін атқарады. Бұл кезеңде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ә.Қ.Мұқтардың ұйымдастыруымен ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру жобаларынан 7 жоба ұтып, оларды сәтті орындады. Оқу орнының ғылыми жобалары ірі өндіріс орындарымен, соның ішінде Қарашығанақ кен орындарымен коммерцияландыруға бағыт алады. Оқу орнында магистратура мен докторантураның жаңа мамандықтары ашылады, халықаралық байланыстар дамыды, академиялық оралымдылық Польша, АҚШ, Германия университеттерімен жүзеге асырылады. Ә. Мұқтар 2015 жылғы 7 шілдеде ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Атырау мұнай және газ институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры болып тағайындалады. Аталған оқу орнында басталған қайта құрулар кезеңінде ғылыми ізденістер өндіріспен байланыстырылады, алғаш рет өндіріс өкілдері тартылған Ғылыми техникалық Кеңес құрылды, коммерцияландыруға жобалар ұсынылады. Институт ғалымдары Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлерімен ғылыми жобалар туралы байланыс орнатады, екі жақты келісімдерге қол жеткізеді. Оның басшылығымен институт ғалымдары Франция Мұнай институтында ізденушіліктен өтеді.
Ә.Қ.Мұқтар 2017 жылы 27 маусымда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне қызметке ауысып, «Атырау өлкесінің тарихы, этнографиясы және археологиясы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып тағайындалады. 2018 жылғы 3 қаңтардан 27 қыркүйекке дейін Атырау облысы мемлекеттік архивінің басшысы қызметін атқарды. 2018 жылы 27 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрі бұйрығымен «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК директоры м.а. болып тағайындалды.
Ә.Қ.Мұқтар ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдаған ірі ғылыми жобалардың авторы:
– «Қазақстандық Каспий: тарихы, орны, саяси маңызы» атты жобасы 2005 жылы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тапты. Осы жоба аясында оның басшылығымен жоба мүшелері 3 монография, 1 мұрағаттық деректер жинағы және 100-ге тарта мақалалар жариялаған.
– 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Ұлттық идея – Қазақстан дамуының негізі» атты байқауға қатысып, «Батыс Қазақстан өлкесіндегі миграция мәселелері»;
– 2012-2014 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыруға арналған конкурс бойынша мемлекеттік тіркелуі №0112РК02045 «ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер: тарихы, зерттеу бағыттары және маңызы»( жобаның тең жетекшісі);
– 2018-2020 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға байланысты «Қазақ Хандығы құрылымындағы билер, батырлар, тархандар, жасауылдар, қожалар институттары: олардың қызметі және жойылуы (XV-XIX ғ.)»;
Ә.Қ.Мұқтар бірнеше монографиялардың, оқу құралдарының авторы.
– «Азаттық таңы жолында» (Алматы: Ғылым, 2001);
– «Сырым батыр және Нұралы хан» (Қостанай, 2001);
– «Қазақ мұнайы тарихы» (Алматы: Өлке, 2006);
– «ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ Хандығы» (Алматы: Мерекенің баспалар үйі, 2015);
– «Тарих тұңғиығындағы тұлғалар» (Алматы: Арыс, 2008);
– «Тарих айдынындағы тұлғалар». 2-ші кітап. (Алматы: Арыс, 2013).
– «Сарайшық музей-қорығы тарихы (1963-2019 жж.)» (Алматы: Арыс, 2019).
– «Қазақ Хандығы құрылымындағы билер, батырлар, кожалар, жасауылдар, аталықтар және тархандар институттары: олардың қызметі және жойылуы (XV - XIX ғғ.)» (Алматы: «Арыс», 2020).
«ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ Хандығы» (белгілі ғалым Е.Б.Сыдықовпен бірлесе) атты іргелі 656 беттік монографиясы қоғамның үлкен қызығушылығын туғызған. «ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ хандығы» монография бойынша Авторлық құқық обьектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алынған (№389 4 наурыз 2015 жыл).
Ғалым сонымен бірге 200-ден астам мақалалардың авторы. Өзін ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың маманы ретінде танытқан ол сол ғасырлардың тарихи тұлғалары Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай, Уәли хандар, Бөкенбай, Сырым, Жоламан, Исатай-Махамбет батырлар, Әйтеке, Сарышоңай билер, Алыбай жасауыл т.б. қазақ мемлекеттілігі үшін қызмет еткен заманының даралары туралы жаңа ұлттық сипаттағы мақалаларын «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінде тұрақты жариялап келеді. Ә.Қ.Мұқтардың 1 мақаласы жоғары импакт факторлы журналда жарық көрді. Сонымен қатар, ол, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тапсырмасы бойынша дайындалған ұжымдық еңбек – «Қазақ тарихы» авторларының бірі.
Профессор Ә.Қ.Мұқтардың жетекшілігімен 7 ғылым кандидаты, 10 магистр даярланған. Олар Атырау, Орал, Қостанай, Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарында еңбек етуде.
Ә.Қ.Мұқтар бірнеше республикалық, аймақтық ғылыми журналдар редакциялық алқасы мүшесі.
– Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Отан тарихы»;
– республикалық «Қазақ тарихы» ғылыми және ғылыми-әдістемелік журналы;
– «DANAqaz» тарихи-танымдық журналы;
– «Мәдени мұра» ғылыми журналы.
Ә.Қ.Мұқтар мемлекеттік, Білім және ғылым министрлігінің марапаттары, стипендияларының иегері.
– 1985 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының мақтау қағазы;
– 1986 жылы «За трудовую доблесть» медалі;
– 2007 жылы Білім мен ғылым министрінің мақтау қағазы;
– 2012 жылы Ресей Федерациясының университеттерімен тығыз ғылыми-мәдени байланыстары үшін Ресей Федерациясы Қалмақ Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазы;
– 2013 жылы 6 желтоқсанында ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі;
– 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің 28 қарашадағы бұйрығымен «Ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» иегері.
– 2018 жылы 5 қыркүйегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет Грамотасы;
– 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясына 100 жылдығының құрметіне «Алаш» естелік медалі.
– 2021 жылы 30 маусым Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің дамуына айрықша үлес қосқаны үшін “Халел Досмұхамедов” университеттік төсбелгісі;
– 2021 жылы 22 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Президентінің жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі.
Ә.Қ.Мұқтардың зайыбы Ұ.Т.Ахметова - тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры.
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК директор орынбасары, магистр Диярова Жанар Қабдулкакимовна
Диярова Жанар Кабдулкакимовна 1991 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Жоғары білімді маман. Ол Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінінің гуманитарлық 050203 «Тарих» мамандығын үздік тәмамдаған.
2018 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне тарих мамандығы бойынша магистратураға түседі. Диссертациясының тақырыбына «Сарайшық» музей-қорығының даму тарихын алады. Ол зерттеу барысында архивтік құжаттармен бірге «Сарайшық» музей-қорығының қор құжаттарын пайдаланып, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтардың жетекшілігімен «Сарайшық музей-қорығының даму тарихы» монографиясын жарыққа шығарады. 2020 жылы магистратураны сәтті аяқтап, «педагогика ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесін алады.
– Атырау облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының Алғыс хаты (2019 ж.)
– Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты (2019 ж.)
– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хаты (2019 ж.)
– «Құрмет грамотасы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (2019 ж.)
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ғалым хатшысы Амангелді Жеңісұлы Жұмабаев
Амангелді Жеңісұлы Жұмабаев 1994 жылы 29 тамызда Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. 2000-2011 жылдары Исатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылындағы Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектепте білім алды.
— 2011 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, тарих-филология факультетіне оқуға түсіп, жоғары оқу орнын 2015 жылы тарих - дінтану мамандығы бойынша тәмамдады. 2015 - 2017 жылдары аталған жоғары оқу орнында тарих мамандығы бойынша магистратурада оқыды.
— 2015-2017 жылдары аралығында Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосындағы Абай атындағы орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды.
— 2016-2017 жылғы оқу жылында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дайындық бөлімінің оқытушысы болды.
— 2017-2018 жылғы оқу жылынан бастап Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының оқытушысы.
— 2019 жылы "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына жұмысқа қабылданды.