"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы бас қор сақтаушысы – Сағынбаева Орындық Қалиқызы
Сағынбаева Орындық Қалиқызы 1966 жылы 5 қаңтарда Гурьев облысы Махамбет ауданы Жалғансай ауылында туған. 1972-1983 жылдары – Жалғансай орта мектебінде білім алады. 1983 жылы – Қазақ мемлекеттік Ауылшаруашылығы институты, топырақтану және агрохимия факультетіне оқуға түсіп, 1988 жылы табысты аяқтайды. Ал 1988-1999 жылдары – Гурьев облыстық ауыл шаруашылығын химияландырудың жобалау-іздестіру станциясы, инженер-аргохимик жұмыс жасайды. 1999-2004 жылдары – Сарайшық жүйке-тамыр аурулар интернатында мәдени – көпшілік шаралар ұйымдастырушы болып қызмет атқарады. 2004 жылдан бастап «Хан Ордалы Сарайшық» музей-қорығы, жәдігерлермен таныстырушы, қор сақтаушы қызметінде жұмыс жасады. Бүгінгі таңда мекеменің бас қор сақтаушысы. 2018 - 2019 жж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, тарих факультетін бітіреді. 2021 жылы 22 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Президентінің жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Бөлім жұмысы музей заттарын есепке алу, сақтау, тіркеу, ұдайы толықтыру және түгендеу, паспорттауға бағытталған және музейге келушілерге көрсетілетін мәдени қызмет түрлерін ұйымдастырады. Музей-қорықтың жалпы қорында қазіргі күнде археологиялық зерттеу жұмыстары барысында тапсырылған және тұрғындардың сыйлық ретінде өткізген 4600 бірлік зат бар. Негізгі қор 2000 бірлік, қосымша қор 2600 заттай бірліктен тұрады. Олардың ішінде 1104 жәдігер мемлекеттік электронды каталогқа тіркелген.