Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

2020 жылғы археологиялық қазба жұмыстары

2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихи-мәдени ескерткішінде зираттың көне бөлігіндегі «Хан моласы» қазба орнына зерттеу жұмысын жүргізді. Қазба орны таңдалып алуына бірнеше түпдеректер себеп болды. Олардың қатарында 1861 жылғы әскери топограф А. Алексеевтің жасаған Сарайшықтың сызба картасында белгіленген «Аулие-склеп» орны және атыраулық қоғам қайраткері Ш. Қаржауовтың әкесі Мырзағали Қаржауовтың бейіті тұспа-тұс келіп тұр. Қазба-зерттеу жұмыстары нәтижесінде 1 м тереңдікте қыш кірпіштен салынған ғимарат (кесене болуы мүмкін) қалдығы анықталды. Ғимарат кірпіштері түгелге жуық бұзылып алынған. Тек аздаған кірпіш бөліктері сақталып қалыпты. Ғимараттың ішкі жағындағы шұңқырды тазалау барысында жер бетінен 2 м тереңдікте ізбес (ганч) ерітіндімен қаланып қыш кірпіштен салынған күмбезді құрылыс табылды. Әзірге кесенені толық топырақтан ашу, көрханадағы сүйектерді шығару мүмкін болмай отыр.  Сол бағытта бірқатар шараларды жүзеге асыруға министрлікке, Атырау облысы әкімдігіне хаттар жолданды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru