12 қыркүйек күні, Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы, Атырау қаласы әкімдігі, Атырау облысы Полиция департаменті, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және Атырау облыстық велосипед спорты федерациясының ұйымдастыруымен «Tour de Saraishyq – 2026» велошеруі өтті.
Велошерудің негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту, тарихи Сарайшық қаласының маңызын кеңінен насихаттау, өңірдің туристік әлеуетін арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастырып, белсенді демалысты қолдау.
Шараға Атырау қаласы мен еліміздің өзге өңірлерінен, сондай-ақ шетелден келген 150-ден астам велошабандоз қатысты.










