Бүгін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, белгілі қаламгер Ертай Айғалиұлы арнайы келді.
Ертай Айғалиұлы – Сарайшық тарихына арналған «Сарайшық ханшасы және Иван Грозный» атты қос желілі тарихи романның авторы. Қаламгер кітапты жазу барысында Сарайшық ауылына бірнеше рет келіп, мол тарихи деректер жинақтаған.
Сапар барысында музей-қорық директоры Әбілсейіт Қапизұлымен кездесіп, кітаптармен алмасты. Кездесу барысында музей-қорықтың соңғы жылдардағы атқарған жұмыстары мен жетістіктерін «Qazaqstan dauiri» газетінің бетінде жариялауға қол жеткізілді.










