"Сарайшық" музей-қорығында белгілі нумизмат П.Н. Петровпен «Теңге сыры: Сарайшық тиындары не айтады?» атты танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға музей-қорық ғылыми қызметкерлері мен экскурсоводтар қатысты.
Нумизмат ғалым алтынордалық тиындарда кездесетін хандардың таңбалары, олардың ерекшеліктері және тарихи кезеңдермен байланысы туралы маңызды мәліметтермен таныстырды.
Кездесу барысында Сарайшықтан табылған нумизматикалық материалдардың берер деректері жөнінде сөз болды.
Іс-шарада музей-қорық экскурсоводтары келушілер тарапынан түсетін сауалдарға ғалыммен бірге жауап іздестірді. Алтын Орда нумизматикасы, Сарайшық тиындары, ақша айналымы және эмитенттер мағынасы жайында пікір алмасулар болды.
Мұндай ғылыми кездесулер музей мамандарының кәсіби білімін жетілдіріп, Сарайшықтың тарихи-мәдени мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.










