Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшықтағы археологиялық зерттеулерге тәжірибелі ғалымның бағасы

Сарайшық қалашығын ұзақ жылдар бойы зерттеп келе жатқан ресейлік археолог Вячеслав Плахов «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында ғалым көне қалашықтағы биылғы археологиялық қазба алаңдарын аралап, соңғы жылдары анықталған жаңа нысандармен танысты. Қазба жұмыстарының барысына оң бағасын беріп, ғылыми тұрғыдан назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.
Музей-қорық археологтарымен кеңесе отырып, Сарайшықты зерттеудің өзекті бағыттары, алдағы археологиялық жұмыстардың міндеттері және жаңадан анықталған олжаларды ғылыми айналымға енгізу мәселелерін талқылады.
Мұндай кәсіби кездесулер мен ғылыми пікір алмасулар Сарайшықтың тарихи мұрасын жан-жақты зерттеуге және археологиялық жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97