Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Атырау қаласындағы Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде танымдық-ғылыми дәріс өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген жауапкершілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару.
Дәріс барысында ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихи маңызы, оның Алтын Орда дәуіріндегі саяси, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлі жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған тың деректер мен қалашықтың бүгінгі күнге дейін сақталған нысандары туралы мәліметтер ұсынылды.
Кездесу аясында тарихи ескерткіштерді қорғау мәселелері, олардың қазіргі кездегі жай-күйі және вандализмнің зиянды салдары кеңінен талқыланды. Мамандар мәдени мұра нысандарын сақтау – тек мемлекеттік деңгейдегі міндет қана емес, әрбір азаматтың ортақ борышы екенін атап өтті.
Осындай ағартушылық бағыттағы іс-шаралар жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, туған жер тарихына деген қызығушылығын арттыруға және мәдени мұраны құрметтеу мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97