Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Аралсор – 2026» ғылыми экспедициясы

⯑Бүгін «Сарайшық» сапар орталығына арнайы «Аралсор – 2026» ғылыми экспедициясы және Жайық өзені алабы бойынша «Оренбург – Орал – Аралсор – Индер – Атырау» бағытындағы кешенді экспедиция келіп жетті.
⯑Аталған ғылыми сапар өңірдің табиғи-географиялық ерекшеліктерін зерттеуге, Жайық өзені алабының экологиялық жағдайын зерделеуге және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
⯑Экспедиция құрамында:
– Чибилёв Александр Александрович — география ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының академигі, Орынбор қаласындағы Дала институтының өкілі;
– Падалко Юрий Алексеевич — Орынбордағы Дала институтының ғылыми қызметкері;
– Курбанов Реджеп Нурмурадович — М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері;
– Рамазанов Серік Кішібекұлы — география ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан университетінің доценті;
– Галимов Мирас Амангельдиевич — география ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан университетінің өкілі;
– Тургумбаев Ахан Аскарович — жаратылыстану-география факультетінің деканы, Батыс Қазақстан университеті.
⯑Құрметті қонақтарға өңіріміздің тарихи-мәдени мұрасы таныстырылып, «Сарайшық» сапар орталығының қызметі жөнінде ақпарат берілді.
⯑Осындай ғылыми экспедициялар өңірдені тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттауға және халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға зор үлес қосады.
Қонақтарға нәтижелі жұмыс пен сәтті сапар тілейміз!
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97