Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшыққа саяхат

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері 2024 жылдың 4-23 наурыз аралығында «Меридиан» халықаралық орталығы Қазақстандағы АҚШ миссиясымен бірлесе отырып, Орталық Азия музей мамандарына арналған алмасу бағдарламасына қатысып, Америка Құрама Штаттарына 3 апталық оқу сапарында болды.
Бағдарлама барысында Америка Құрама Штаттарының 3 штатындағы, атап айтқанда Вашингтонға, Оңтүстік Каролинадағы Чарлстонға, сондай-ақ Жаңа Мексикадағы Альбукерке мен Санта-Фе қалаларындағы музейлер мен мәдени орындарында болып, тәжірибе алмасты.
Алған тәжірибені іс жүзінде асыру мақсатыында «Сарайшық» сапар орталығынан балаларға арналған зал ашылды. Бұл залда балалардың қызығушылығын арттырып, оларды зерттеуге, ойлауға және шығармашылық тұрғыдан ойлауға баулитын интерактивті экран, барельеф стиліндегі суреттер, қаланың бейнесіндегі мозаикалар, археологиялық ойындар мен дамыту ойыншықтар, кітапшалар қойылған. Балаларға арналған музейлік кеңістіктер олардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, тарихи-мәдени құндылықтарды тереңірек түсінуіне үлкен мүмкіндік береді.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru