Бүгін, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті, “Қазқайтажаңарту” республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастыруымен Сарайшық қалашығының дамыту тұжырымдамасын іске асыру мәселелеріне арналған ғылыми техникалық кеңес басталды. Кеңеске министрлік өкілдері, тарихшы, археологтар, қайта қалпына келтіру мамандары қатысуда. Кеңес шеңберінде археологиялық ескерткішті сақтау мен дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ оны қазіргі заманғы қалалық және туристтік инфрақұрылымдарға интеграциялау перспективалары талқыланатын болады.