Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Сарайшық» музей - қорығының 2024 жыл қорытындысы

1. 2024 жылы бұрын болмаған су тасқынынан ортағасырлық Сарайшық қорғалып қалды.

2. 2024 жылы музей - қорық ғалымдары алғаш рет 4 жерде (ортағасырлық Сарайшықтағы №2, №6 қазба орындары, Қарағайлы, Ащысай мекендері) 2400 шаршы метр жерде қазба жүргізді.

3. Қарағайлы қалашығы орнынан алтынордалық мешіт, өндіріс орны табылды.

4. Ащысай қалашығы орнынан алтынордалық тұрғынжай анықталды.

5. Қазба орындарында антропологиялық, генетикалық зерттеулер жүргізілді. Оған Ұлттық биотехнология орталығы адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, PhD доктор Мақсат Жабағин, физикалық антрополог, биоархеолог, Дарем университетінің (Ұлыбритания) PhD докторанты. Steppe Sisters ұйымының басқарушы комитетінің мүшесі Айкүміс Раисова қатысты.

6. Антропологиялық материалдардан 10 ғылыми үлгі Литва Республикасы Вильнюс  қаласындағы зертханаға жіберіліп, радиокөміртекті талдау нәтижесінде жасы анықталды.

7. «Қазқайтажаңарту» РМК ортағасырлық ескерткіште батыс қақпаның бекініс қабырғасының құрылысын аяқтады. Ғимарат ішінде кәдесыйлар сататын бөлме, асхана, әжетханалар салынған.

8. «Қазқайтажаңарту» РМК ортағасырлық ескерткіш басында "Ашық аспан астындағы экспозиция" жұмыстарын бастады.

9. Әріптесіміз ҚР Президенті жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

10. Музей - қорық директоры орынбасары, магистр Ж. Диярова «Меридиан» халықаралық орталығы Қазақстандағы АҚШ миссиясымен бірлескен Орталық Азия музей мамандарына арналған алмасу бағдарламасына қатысып, АҚШ-та 3 апталық ізденушіліктен өтті.

11. «Ортағасырлық Сарайшық: тарихи деректері, археологиясы, нумизматикасы, картографиясы» монографиясы және 2 мақала жоғары импакт факторлы СКОПУС журналдарында жарияланды.

12. Әріптестеріміз РФ Татарстан Республикасындағы А.Х. Халиков атындағы Археология институтынан академиялық ұтқырлықтан өтті.

13. Ғылыми жобалар негізінде Сарайшық қазба жұмыстарына 102 адам уақытша жұмысқа алынды, оларға 35.347.208 млн қаржы төленді. Оның ішінде Сарайшық ауылының жұмыссыз және уақытша демалыста жүрген 79 адамы бар.

14. Алғаш рет Астана қаласында  ортағасырлық Сарайшық жәдігерлері ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық музейінде 1 ай бойы қалың көпшілікке ұсынылды.

15. Музей - қорық Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан музей - қорықтарымен, ғылыми зерттеу институттарымен өзара бірлескен жұмыстарға келісім шарт жасасты.

16. Сарайшықта еліміздің және шетелдік ғалымдардың қатысуымен «Сарайшық және Еуразияның ортағасырлық әлемі» атты республикалық конференциясы өтті. Конференция жинағы жарияланды.

17. Ортағасырлық Сарайшық қаласы аумағында  Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарихшы студенттері археологиялық практикадан өтті.

18. Ортағасырлық Сарайшық қаласы аумағындағы қазба орнынан сәулеті ерекше сағана – «көрхана» табылды.

19. 2024 жылы Сарайшық музей-қорығы 49 онлайн және оффлайн форматтағы көрмелер ұйымдастырылды.

20. 2024 жылы музей-қорыққа келген туристтер саны 17786 болды.

21. 2024 жылы музей-қорық сайты және әлеуметтік желі парақшалары 517721 қаралым жинады.

 

 

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru