Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар, ғалым хатшы А. Жұмабаев ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған BR22082480 «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстісінде (ХІІІ-ХV ғғ.)» бағдарламасының календарлық жоспарына сай Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы Ресей Ғылым академиясы Археология институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Бағдарлама мүшелері Археология институтының ғалым хатшысы Марина Викторовнамен кездесіп, институт журналында мақала жариялау, археологиялық қазбаларға маман тарту мәселелерін талқылады. Екі мекеме соңғы жарық көрген еңбектерімен алмасты.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru