Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында өтіп жатырған қазба жұмыстары

Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында қазіргі таңда үш жерде қазба жұмыстары өтуде.

1. №2 қазбадағы зерттеу жұмысын «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы өткізуде. Аумағы 1000 ш. м. құрайды. Жүргізілген зерттеулер барысында ортағасырлық көше бойы тазаланып, ескерткіш мәдени қабатының төменгі деңгейінен ғимарат қабырғалары анықталды. Қазба жұмысының жетекшісі - археолог Айбек Тұрарұлы.

2. №6 қазбадағы зерттеулерді де «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жүргізуде. Аумағы 1600 ш. м. құрайды (35х45 м.). Қазба алаңы секторларға бөлінген, әр сектордың көлемі - 5х5 м. Барлығы 64 сектор. Қазба орнынан керамикалық ыдыс сынықтары, сәулеттік әшекей кірпіштері, жануарлар сүйектері мен нумизматикалық материалдар алынды. Қазбаның оңтүстік-батыс бөлігінен сәулеті ерекше сағана - көрхана табылды. Қазба жетекшісі - археолог Амангелді Жұмабаев.

3. Тағы біз қазба алаңын Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі зерттеуде. Былтыр аумағы 3000 ш. м. құраған қазба орнында биыл да зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Қазбаның шығыс бөлігінде төменгі мәдени қабаттарды зерттеу қолға алынған. Зерттеу барысында тұрғын үй бөлмелері мен оның интерьері: суфа, пеш, кан жүйесі ашылуда. Қыш ыдыстар, металл бұйымдар және нумизматикалық олжалар табылды. Қазбаның жетекшісі - археолог Мир Әбдіғалиев.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru