Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Кәкімбек Байғазыұлының құжаттары

Ортағасырлық Сарайшық қаласының Алтын Орданың діни орталығы болғандығы белгілі. 1262 жылы Берке хан Сарайшықта ислам ілімін үйреніп, мұсылмандықты қабылдады. Оны қолдаушыларының көптігі 1312 жылы Өзбек ханның исламды мемлекеттік дін ретінде жариялауына себеп болды. Мұсылман хандардың мәңгілік мекені «Хандар пантеоны» Сарайшықта орналасты. Қалада дінтаратушы сопылар, сейідтерге құрмет көрсетіліп, мешіт-медреселер салынды. Одан бері уақытта да осы өңірде көптеген елге танымал молда, имам, қазіреттердің болғаны белгілі. Осы орайда, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жаңа іздестіру жұмыстарын бастап та кетті. Қазіргі таңда музей қорында 1901 жылы имам болған Кәкімбек Байғазыұлының суреті, құжаттары сақтаулы. Батыс өңірдегі діни тұлғалар туралы кеңінен зерттеу-іздестіру жұмыстары барысында құжаттар, діни кітаптар, суреттер болса, музей-қорық қабылдауға әзір.

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru