Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

Сарайшық музей-қорығының Әзербайжан музейлерімен ғылыми байланысы жалғасуда

Әзербайжан Республикасындағы «Кешикчидаг» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының бастамасымен «Мәдени мұраны қорғау және археология: ғылыми зерттеулер, халықаралық ынтымақтастық және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті.
Онлайн форматта өткен семинардың мақсаты – мәдени мұраны қорғау, археологиялық зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылау, ғылыми тәжірибе алмасу және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болды.
Семинарда Қазақстан мен Әзербайжанның жетекші ғалымдары мен музей мамандары келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады:
▪️ Юнис Насибли – «Кешикчидаг» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы туралы қысқаша жалпы мәлімет;
▪️ Әбілсейіт Қапизұлы Мұхтар – «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми-зерттеу қызметі және оның ортағасырлық ескерткіштерді сақтау, қорғау және дәріптеудегі рөлі;
▪️ Муса Мурсагулиев – мәдени мұраны сақтау мен ғылыми зерттеулердегі халықаралық ынтымақтастықтың рөлі;
▪️ Амангелді Жеңісұлы Жұмабаев – Алтын Орда дәуіріндегі Ашысай қалашығындағы археологиялық зерттеулер;
▪️ Парвиз Гасымов – Кешикчидаг қорғандары;
▪️ Айбек Тұрарұлы – Ортағасырлық Сарайшық қалашығын археологиялық зерттеудің негізгі кезеңдері;
▪️ Исраил Мамедов – жастар, археология және мәдени мұра: Кешикчидаг жазғы мектебінен алған әсерлер;
▪️ Жүніс Рүстемұлы Байғалиев – Қарағайлы археологиялық кешені: соңғы зерттеулер мен жаңа деректер.
Семинар соңында қатысушылар мәдени мұраны сақтау, археологиялық зерттеулерді дамыту, ғылыми ақпарат алмасу және екі ел музейлері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Мұндай халықаралық ғылыми кездесулер Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тарихи-мәдени байланыстарды тереңдетіп, ортақ мәдени мұраны зерттеу мен сақтау бағытындағы өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97