Бүгін, 15 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәденимузей-қорығының ұйымдастыруымен «Орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері және олардыңмәдени байланыстары» атты халықаралықдөңгелек үстел өтті.
Онлайн форматта ұйымдастырылған алқалы жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Ресейдің (Саха Республикасы мен Тюмень облысы) жетекші музей мамандары, ғалымдар мен тарихшылар қатысты.
Басқосуды «Сарайшық» музей-қорығының директоры, т.ғ.д. Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттіліктіледі.
Дөңгелек үстел барысында маңызды баяндамалар жасалды:
•
Түркиядан Мехмет Али Челеби Анадолы Селжұқ астанасындағы Қаратай медресесі қыш бұйымдарының тарихын баяндады.
•
Әзербайжаннан келген әріптестеріміз Севиндж Насирова, Исраил Мамедов, Айсел Алиева және Хаял Семендерли тамбурлық кесте өнерін, ежелгі Шабран, Шәмкір қалалары мен Кешикчидагқорығының археологиялық мұраларын таныстырды.
•
Саха Республикасынан Станислав Самсонов «ТААТТА» музей-қорығының жұмысымен бөліссе, Тюмень облысынан Луиза Шамсутдинова сібір татарларының мәдени мұрасы мен «Искер» кешенінің дамуын сөз етті.
•
Қазақстан атынан Қарылғаш Есқабылова (Махамбет музейі) түркі халықтарының ортақ мұрасына тоқталса, «Сарайшық» музей-қорығының бас қор сақтаушысы Орын Сағынбаева Сарайшық жәдігерлері мен ортағасырлық мәдени байланыстар жайлы құнды деректермен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді және түркі әлемінің мәдени көпірін ары қарай дамыту бойынша маңызды резолюция қабылдады.
Ғылым мен мәдениетті тоғыстырған ортақ тарихымыз түгенделе берсін! Халықаралықмузейлер күні құтты болсын!










