Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығы мәдени-ғылыми ынтымақтастықты тұрақты дамытып келеді.

⯑Ресей Федерациясының Астрахань облысындағы «Жолдастық – қазақ мәдениеті» қоғамдық бірлестігі және Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы Өңірлік мәдениет орталығымен бірлесіп, музей-қорық бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды.
⯑ 2019 жылы «Жошы Ұлысы астаналары: Сарайшық – Сарай-Бату – Сарай Берке қалалары ізімен» атты халықаралық ғылыми экспедиция өткізілді.
⯑ 2025 жылдың шілде–тамызында Жошы Ұлысының тарихи қалаларына ғылыми экспедиция ұйымдастырылды.
⯑ Сол жылы музей Алтынжар селосында жылжымалы көрме өткізді, ал Астрахань делегациясы «Музей түні» шарасына қатысып, құнды жәдігерлерді сыйға тартты.
⯑ 2026 жылдың наурызында «Жолдастық – қазақ мәдениеті» өкілдері Сарайшық қалашығына келіп, музей-қорыққа Ноғай тарихы мен мәдениетін зерттеушілердің еңбектерін және жез құманды сыйға тартты. Музей ұжымы қазақ дәстүріне сай шапан жауып, алғыс білдірді.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Назар аударыңыз:

Сенбі, жексенбі және мереке күндері экскурсиялар

“Сарайшық” сапар орталығынан басталады.

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru

Сенім телефоны:

8 (7172) 25-23-97

+7 700 525 23 97