2026 жылдың 8–19 ақпан аралығында «Сарайшық» музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Ж. Байғалиев Өзбекстан Республикасының Ташкент және Нүкіс қалаларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында Сарайшық қалашығында соңғы жылдары табылған Ақсақ Темір соғылымдарына қатысты деректер зерделеніп, жалпы нумизматика саласына байланысты ғылыми еңбектер қарастырылды. Ғылыми жұмыстар Әмір Темір музейі, Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы және Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Қарақалпақ бөлімшесі базаларында жүргізілді. Аталған іссапар аясында жиналған материалдар Сарайшық тарихын тереңірек зерделеуге және ортағасырлық ақша айналымын ғылыми тұрғыда талдауға мүмкіндік береді.










