2025 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры, профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар мен Әзірбайжан Республикасы «Ширагкала–Шабран» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры Гюнель Пиргулиева өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл келісім екі ел музей саласы мамандарының тәжірибе алмасуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға, мәдени мұраларды сақтау мен насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
![]() |
![]() |