Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

«Хан» кешенді ғимарат

Қазба. XIV ғ.

Бұл «хан» типтес кешенді сарай ғимараты. Ол құрметті қонақтар, саудагерлер, саяхатшылар, зиярат етушілер үшін тұрғызылған. ХIV-XVII ғасырларда Шығыстағы мұсылман елдерінде мұндай ғимараттар тұрғызу өте кең тараған. Мұндағы бөлмелер бір кездері тегістеліп бітеліп те тасталған. Ғимаратта алғашқыда 25 бөлме ашылса, көп ұзамай жапсарлас бөлмелер салынып бұл нысан өсе бастаған. Жанама құрылыстар есебінен 40 шақты бөлмелер ашылды. Бір өкініштісі Жайық өзені тасуы салдарынан ғимараттың үштен бірі сақталмай, суға құлап кеткен. Болжам бойынша бұл ғимаратты Жошы ұрпағы Орыс хан салдырған. Ол - Қасым ханның төртінші атасы.

Археологиялық қазба жұмыстарын  археолог З.Самашевтің жетекшілігімен Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізді.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru